Қазақстанда екінші және үшінші атом электр станцияларын салатын жерді таңдау жұмыстары басталды

Уақыты: 17.03.2025
Оқылды: 352
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда екінші және үшінші атом электр станцияларын салатын жерді таңдау үшін жұмыстар басталғанын мәлімдеді. 

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы  Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. 

Олжас Бектенов бұл туралы “Ілгерілеуге бастаған алты жыл: Қазақстан орнықты даму жолында” мақаласында жазды.

“Президент тапсырмасы бойынша ядролық энергетиканы дамыту қолға алынды. Бірінші АЭС құрылысының ауданы анықталды. Тағы екі станция салу үшін құрылыс орындарын анықтау жұмыстары басталды”, – деп жазды премьер-министр.

Сондай-ақ ол 2019 жылдан бері электр энергиясын тұтыну 14%-ға өсіп, шамамен сағатына 120 миллиард кВт-қа жеткенін атап өтті.

“Халық санының өсуін, сондай-ақ жүргізіліп жатқан индустриялық даму және цифрландыру саясатын ескере отырып, энергия тұтыну одан әрі арта түседі деп болжанып отыр”, – дейді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, 25 ақпанда үкіметтің қаулысы күшіне енді. 

"Ядролық қондырғы – "Атом электр станциясы" құрылысын жүргізу орны ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы белгіленсін", – делінген құжатта.

Фото: informburo.kz