Талдықорғандағы жол жайы: 70-ке жуық көше жөнделеді

Уақыты: 15.04.2025
Оқылды: 232
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған қаласында көлік инфрақұрылымын жақсарту бағытында ағымды жөндеу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, биыл 70-ке жуық көшеге жөндеу жүргізу жоспарланған.

Жалпы алғанда, 17 450 шаршы метр жол жабынын жөндеу көзделуде. Бұл жұмыстар тек қаланың орталық көшелерімен шектелмей, шет аймақтардағы саяжай қоғамдары мен тұрғын үй алаптарын да қамтиды. Сондай-ақ, қауіпті жол учаскелерін ретке келтіру басты назарда.

Қала әкімдігі тұрғындардың әлеуметтік желілерде қалдырған пікірлеріне де назар аударып, қоғамдық бақылау мен кері байланысты ескере отырып жұмыстарды ұйымдастыруда. Бұл жол сапасын арттырудағы маңызды қадам ретінде бағалануда.

Жөндеу жұмыстарының нәтижесінде қалаішілік көлік қатынасы жақсарып, тұрғындардың күнделікті өмір сапасы арта түседі деп күтілуде.

Тағы оқыңыз: Талдықорған жолдары қырық жамау: Биыл тағы 107 жаңа көше төселмекші

"Жетісу-Ақапарт"
Фото: Талдықорған қаласының әкімдігі