САЛЫҚ САЛЫНАДЫ

Уақыты: 15.04.2025
Оқылды: 241
Бөлім: КҮНДЕРЕК

2023 жылдың қыркүйегінде Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жұмыспен қамту платформасы бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Бірінші кезеңде «Яндекс. Такси Корп.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Бұл жайлы баспасөз мәслихатында айтылды. Өкінішке қарай облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Динара Төстікбаева жасаған мәлімдемесі ресми тілінде басталды. Мемлекеттік тілде қойылған сұрақтарға қиналып жауап берді. 

Баяндама барысында пилоттық жоба аясында жүргізушілер жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, арнайы мобильді қосымша арқылы арнайы салық режимін қолданатынын алға тартты. Жүргізушілерді интернет-платформада (салық органдарына бармай-ақ) жеке кәсіпкер ретінде тіркеудің оңайлатылған тәртібін атап өтті. Салықтың төмен мөлшері табыстың 1% құрайтынын айтты. 

Яндекс мобильді қосымшасын E-Salyq Business салық қосымшасымен біріктіру арқылы фискалдық түбіртекті автоматты түрде беретінін алға тартты. 

Егер жүргізуші бір уақытта бірнеше платформада жұмыс істесе, әрбір оператор жеке табыс салығын және жүргізушінің кірісінен әлеуметтік төлемдерді әрбір платформа үшін бөлек ұстауға міндетті екенін жеткізді. 

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ