"КӨШБАСШЫ-2019": ТАЛДЫҚОРҒАН ЖАСТАРЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Уақыты: 05.09.2019
Оқылды: 1699
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған қаласы әкімінің «Көшбасшы – 2019» жастар сыйлығына құжат қабылдау басталды. Байқауды Талдықорған қаласының әкімшілігі, «Талдықорған қаласының жастар ресурстық орталығы» және «Жас Отан» ЖҚ қалалық бөлімі ұйымдастырып отыр. Ұсынымдарды қабылдау 2019 жылдың 12 қыркүйегіне дейін жалғасады. Ал марапаттау рәсімі 2019 жылдың 18 қыркүйек күні, сағат кешкі 18:00-де І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтеді деп күтілуде.

Сыйлыққа үміткерлер ретінде Талдықорған қаласының 14 пен 29 жас аралығындағы белсенді жастары қатыса алады. Номинация жеңімпазы атану үшін үміткерлер белгілі бір бағытта жетістіктерге жету керек. Сонымен қатар, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулар жеңімпаздары, қоғамдық өмірге белсенді қатысып, елдің алғысын алған жастар өтінімдерін өткізулеріне болады. Жалпы алғанда, сыйлыққа ұсынылу үшін жас белсенді, білімді, креативті ойлайтын, Қазақстанның жарқын болашағы жолында аянып қалмайтын нағыз көшбасшы жас болуы керек.

НОМИНАЦИЯЛАР БОЙЫНША ЖЕҢІМПАЗДЫ АНЫҚТАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ:

1.«Жас әлеуметтік қызметкер»
• Жас мөлшері 18 пен 29 жас аралығы;
• Үміткер ретінде әлеуметтік қызметкерлер қатыса алады; 
• Жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес; 
• Басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы керек;
• Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқандығы;
• Соңғы 3 жылда Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы.

2. «Жас ұстаз»
• Жас мөлшері 18 пен 29 жас аралығы;
• Ауылдық оқу орнында еңбек өтілі 2 жылдан кем емес;
• Мемлекеттік жастар саясаты аясында ақпараттандыру жұмыстарын белсенді жүргізіп жүрген; 
• Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жетуі немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосуы;
• Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқандығы;
• Соңғы 3 жылда Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы.

3. «Жас спортшы»
• Жас мөлшері 14 пен 29 жас аралығы;
• Халықаралық, республикалық жарыстардың бірнеше мәрте жүлделі орын иегері;
• Жұмыс тәжірибесінде басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы керек;
• Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқандығы;
• Соңғы 3 жылда Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы.

4. «Жас журналист» 
• Жас мөлшері 14 пен 29 жас аралығы;
• Журналистика саласында еңбек өтілі 2 жылдан кем емес
• Мемлекеттік жастар саясаты аясында ақпараттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп жүрген; 
• Қазақстандық журналистиканың даму саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуге белсенді қатысуы;
• Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жетуі немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосуы;
• Соңғы 3 жылда Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы.   

5. «Жас балабақша тәрбиешісі»
• Жас мөлшері 18 пен 29 жас аралығы;
• Жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес; 
• Үміткер ретінде балабақша тәрбиешілері қатыса алады; 
• Жұмыс тәжірибесінде басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы керек;
• Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқандығы;
• Соңғы 3 жылда Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы.

6. «Жас өнерпаз»
• Жас мөлшері 14 пен 29 жас аралығы;
• Әнші, биші, күйші, театр және кино әртістері; 
• Халықаралық, республикалық өнер байқауларының жүлделі орын иегері;
• Жұмыс тәжірибесінде басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы керек;
• Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқандығы;
• Соңғы 3 жылда Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы.

7. «Жасыл ел» жасағының үздік сарбазы»
• Жас мөлшері 16 пен 29 жас аралығындағы «Жасыл ел» жастар еңбек жасағында сарбаз ретінде кем дегенде 2 жыл жұмыс өтілі бар;
• Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға белсенді қатысуы; әртүрлі жастар топтары үшін оң әсер беретін әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асыруы және ендіруі;
• Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жетуі немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосуы;
• Көшбасшылық сапаға, айырықша білім, дағдысы мен шеберлікке ие болуы керек;
• Соңғы 3 жылда Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы.

8. «Үздік студент»
• Жас мөлшері 14 пен 29 жас аралығындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері;
• Көшбасшылық сапаға, айырықша білім, дағдысы мен шеберлікке ие болуы; 
• Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосқандығы;
• Жастар ұйымдары мен қозғалыстарда жұмыс тәжірибесінің болуы;
• Соңғы 3 жылда Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы.

9. «Үздік ерікті»
• Жас мөлшері 14 пен 29 жас аралығы;
• Көшбасшылық сапаға, айырықша білім, дағдысы мен шеберлікке ие болуы; 
• Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосқандығы;
• Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқандығы;
• Соңғы 3 жылда Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың болуы.

10. «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер 
ұйымының үздік көшбасшысы»

• Жас мөлшері 14 пен 17  жас аралығы;
• Көшбасшылық сапаға, айырықша білім, дағдысы мен шеберлікке ие болуы; 
• Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосқандығы;
• Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқандығы;
• Оқуда озат, республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері және спортта жақсы нәтиже көрсетіп жүргендігі;
• Соңғы 3 жылда Елбасы, әкімшілік, мектеп немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың болуы.

ӨТІНІМ ҮЛГІСІ (үш бағанға бөлінген кестеде толтырылады): 1.Үміткердің аты-жөні; 2.Номинация; 3.Туылған күні, айы, жылы; Жеке куәлік номері; 4.Жетістіктер (дипломдар, алғыс хаттар, марапаттаулар атаулары мен жылы көрсетілу керек).

Өтінімге қосымша төмендегідей құжаттар ұсынылу керек:
1. Жеке куәлік, алғыс хат, грамоталар көшірмелері.
2. Өмірбаян, аннотация.
3. Номинацияларға лайық деп ұсынған хаттар.
4. 10 фотосурет: 1-уі жалғыз өзі түскен, 3-уі жұмыста түскен сурет, 3-уі бос уақытта,  3-уі отбасында түскен сурет. Суреттер электронды тасығышта, JPEG форматында, 3000*2000 кем емес рұқсатта болуы тиіс);
5. «Неге мен «Көшбасшы» жастар сыйлығына лайықтымын?» тақырыбында эссе.

Өтінімдер мен керекті құжаттар 040000, Талдықорған қаласы, Д.Қонаев көшесі 47, «Жастарға қызмет көрсету орталығы» ғимараты, кабинет 214 мекенжайына жіберілуі тиіс.

Байланыс телефондары: 8 /7282/ 40-10-02

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды