Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІН АЖАЛДАН ҚҰТҚАРҒАН ЖІГІТ МАРАПАТҚА ҰСЫНЫЛДЫ

Уақыты: 24.03.2020
Оқылды: 355

Талдықорғанда автокөлігімен бірге өзенге ағып кеткен жүргізуші құтқарылды. Бұл туралы "Қазақпарат" тілшісі жазды.

- Талдықорған қаласына қарасты Қызылтас саяжайы маңында жүргізуші көлікті басқара алмай, Қаратал өзеніне түсіп кеткен. Оның автокөлігі өзеннің ағысымен төмен құлдилаған. Көлікте жүргізуші жалғыз болған, - деп мәлімдеді Алматы облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

Көліктен шыққанымен, жағаға жете алмай суға бата бастаған жүргізушіге саяжайдың 1995 жылғы тұрғыны көмекке ұмтылған. Оқиға куәгері Ержан Баяхметовтың айтуынша, ол жүргізушіні ес-түссіз күйде судан шығарған. Алғашқы медициналық көмек көрсетіп, "Жедел жәрдем" шақырған. «Адам өмірін құтқарғаны үшін Ержан Баяхметов марапатқа ұсынылады», - деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды