ТАЛҒАР АУДАНЫНДАҒЫ ӘКІМДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚЫЛМЫСТЫҚ КҮДІККЕ ІЛІКТІ

Уақыты: 03.04.2020
Оқылды: 829
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бұл туралы онлайн брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты. Толығырақ "Қазақпарат" агенттігі жазды.

- Олар Талғар ауданының Панфилов селолық округі Қызыл Ту ауылының маңындағы санитарлық қорғау және су қорғау аймағында орналасқан жер телімдерін ақшаға сату арқылы материалдық пайда тапқысы келген. Осы мақсатта жекеменшікке және жалға заңсыз беруге бағытталған ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау күдігіне ілікті. Күдіктілердің кінә деңгейіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады, - деді Данияр Биғайдаров.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды