ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУСТАН 60 АДАМ ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Уақыты: 10.04.2020
Оқылды: 722
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстандағы коронавирустың таралуы бойынша соңғы мәліметтер жарияланды. 10 сәуір, сағат 12:20-дегі жағдай бойынша қауіпті індетке шалдыққандар саны 800-ден асып кетті.

Қалалар мен облыстарда жұқтырғандар көрсеткіші мынадай: Нұр-Сұлтан қаласы – 226, Алматы қаласы – 122, Шымкент қаласы – 31, Ақмола облысы – 61, Ақтөбе облысы – 11, Алматы облысы – 10, Атырау облысы – 45, Шығыс Қазақстан облысы – 6, Жамбыл облысы – 45, Батыс Қазақстан облысы – 6, Қарағанды облысы – 61, Қостанай облысы – 3, Маңғыстау облысы – 9, Павлодар облысы – 3, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Түркістан облысы – 34. Оның ішінде Қызылорда облысында жұқтырғандар саны үдеп барады. Қазіргі таңда Сыр өңірінде сырқаттар саны 104-ке жетті.

Қуанарлығы, Қазақстанда жазылып шыққандар саны 60 болды. Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласынан өзге аймақтарда да жазылып шыққандар тіркеліп жатыр. Өкінішке қарай, 9 адам қайтыс болды. Олар: Нұр-Сұлтан қаласынан – 1, Алматы қаласынан – 1, Шымкент қаласынан – 1, Ақмола облысынан – 3, Қарағанды облысынан – 1, Павлодар облысынан – 1, Түркістан облысынан – 1 адам.

Коронавирус індеті бойынша Қазақстандағы соңғы мәліметтер арнайы ресми сайтта шығып отырады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды