Талдықорған қаласында коронавирус шыққан індет ошақтары анықталып, карантинге жабылды.
Талдықорған қаласының мемлекеттік бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, коронавирус анықталған үйлерге карантин режимі енгізілді. Індет ошағы ретінде анықталған Достық шағынауданындағы №25-нші үйге, Қабылиса жырау көшесі, №211 Е тұрғын үйінің 4-ші подъезіне және Ғ.Сланов көшесі, №76-ншы үйге кіріп-шығуға тыйым салынды.
Аталған мекенжайлар 16 мамырдан 29 мамырға дейін карантинде болады, олардың тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азық-түлік, дәрі-дәрмек, басқа да қажетті заттар жеткізіліп тұрады.
Еске салсақ, Алматы облысында 16 мамыр, сағат 13:21-дегі мәлімет бойынша коронавируспен ауырған 201 адам тіркелді. Соның 7-еуі Талдықорған қаласында анықталған.
"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"
Сурет - ғаламтордан