ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДАҒЫ ТЕМІРЖОЛ ӨТКЕЛІНДЕ ЕКІ ТЕХНИКА СОҚТЫҒЫСТЫ

Уақыты: 22.05.2020
Оқылды: 967
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында теміржол өткелінде жол-көлік апаты болды.

- 22 мамырда Елтай ауылдық округіне қарасты Жармұхаммед ауылындағы теміржол өткелінде жол-көлік апаты орын алды. Бұл жерде дрезина платформасы мен «MAN» жүк көлігі соқтығысқан. Жарақат алғандар жоқ. Қазір онда аудандық жол полициясы қызметкерлері тексеру амалдарын жүргізіп, кінәлі тарапты анықтауда, - деп мәлімдеді Қарасай ауданы әкімі баспасөз қызметінің хатшысы Бақдәулет Талипов.

Жол-көлік апаты туралы бірінші ақпарат әлеуметтік желіде таралды. Онда апаттың қалай орын алғаны жайлы бейнематериал жүктелген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан