АИДА БАЛАЕВА "ЖЕТІСУ" ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫНА ҚҰТТЫҚТАУ ЖОЛДАДЫ

Уақыты: 27.06.2020
Оқылды: 1551
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Құрметті Әміре Әрінұлы! Сізді кәсіби мерекеңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сөз жоқ, Тәуелсіз еліміздің халықаралық қоғамдастықта беделінің өсіп-нығаюына, ішкі саяси тұрақтылық пен ынтымақтастықтың қалыптасуына журналистеріміздің қосқан үлесі аз емес. Сондықтан да, өткен 2019 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен елімізде арнайы мереке тағайындалған болатын.

Осы орайда мен үшін өзіңіздей отандық журналистиканың ардагер-майталманы, ел игілігі мен ертеңіне ерекше еңбегі сіңген шығармашыл тұлғаға ыстық лебіз арнау үлкен мәртебе. Өйткені, өз басым сіздің ұзақ жылдар бойы қызығы мен қиындығы аралас ақпарат майданында жүріп, елімізде болып жатқан оң өзгерістерді әрқашан байыппен бағалап, баршаға жеткізіп отырған қажырлы қызметіңізге зор ризашылықпен қарап, ыстық ілтипатпен бағалаймын.

Ендеше, осынау қадір-құрметіңіз сізге әрқашанда адами қуаныш сыйлап, ісіңізге шабыт берсін! Сізге зор денсаулық, айнала-жақындарыңызға амандық, елімізге бақ-береке тілеймін!

Құрметпен, Аида БАЛАЕВА,

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі

Сурет - ғаламтордан