АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕҢЕС БЕРЕТІН ТЕЛЕФОН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Уақыты: 29.06.2020
Оқылды: 1106
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында барлық ауруханалар карантинге жабылды. Енді тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алу үшін жедел желіге қоңырау шала алады.

- Қазір барлық ауруханалар карантинге жабылды. Тұрғындарды мазалап жатқан сұрақтар мынадай, мәселен, жүрегі ауыратын, өзге де сырқаттары бар адамдар қайда хабарласамыз деп жатыр. Барлық сұрақтарға байланысты 8800808828 немесе 87282411212 телефон номерлеріне хабарласуға болады, - деді Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Ведомство өкілінің мәліметінше, Алматы облысы бойынша ауруханаларда орындар бар.

- Алматы облысында дәлізде ем алып жатқан науқастар жоқ. Ауруханаларда орындар жеткілікіті. Бірақ әр түрлі ауру белгілерімен, яғни, тұмау, дәм, иіс сезбеу, температурамен шағымданатындар саны күрт өсті. Олардың барлығы дерлік ауруханаларға жатқызыла бермейді. Бірақ оларға өздерінің учаскелік дәрігерлері онлайн түрде қандай ем-шараларын қолдану жөнінде кеңестерін беріп жатыр, - деді Л.Әубәкірова.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"