ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ - 2020: АУЫЛДАРДА ЕСКІ СТАДИОНДАР ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Уақыты: 24.09.2020
Оқылды: 1039
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Көксу ауданында Президент тапсырмасы бойынша және «Жұмыспен қамту - 2020» жол картасы мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жалғасуда. Бұл туралы Көксу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоба шеңберінде әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік инфрақұрылымы, елді-мекендерді абаттандыру бойынша жобалар іске асуда. Сондай-ақ, таза ауада спортпен жаттығу үшін қолайлы жағдайлар жасауға баса назар аударылған.

Бес ауылдық округтегі спорт нысандары жаңартылып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Шағын ауылдардағы спорт алаңдары футбол, баскетбол, волейбол ойындарына лайықталған. Стадиондарды жөндеу бойынша жобаны іске асырудың арқасында 12 адам жұмысқа тартылып отыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"