АЛМАТЫНЫҢ ІРГЕСІНДЕГІ "ДУМАН" ШАҒЫНАУДАНЫНДА ӨРТ ШЫҚТЫ

Уақыты: 13.01.2021
Оқылды: 940
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматының іргесіндегі "Думан" шағынауданында өрт шығып, тұрғындарды әбігерге түсірді. Зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

«12 қаңтар күні кешкі сағат 17:57-де Алматы облысының «101» пультіне Талғар ауданы, Бесағаш ауылы «Думан» шағынауданындағы «Нұрия» тұрғын үй кешенінен өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына Алматы облысының төтенше жағдай департаменті жеке құрамының 16 маманы мен 6 өрт сөндіру техникасы және Алматы қаласынан 10 қызметкер мен 2 техника аттанды», - деп хабарлады Алматы облыстық төтеше жағдайлар департаменті.

Ведомство мәліметінше, төтенше жағдай қызметкерлері оқиға орнына жеткенше өрт толық сөндірілген. Белгілі болғанындай, жаңадан салынған тұрғын үй кешенінің сыртқы қабаты өртенген. Бұл үйде ешкім тұрмайды. Зардап шеккендер жоқ.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"