"ЖЕТІСУ" ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ АРАДА АЙ ӨТПЕЙ ЖАТЫП ТАҒЫ АУЫСТЫ

Уақыты: 15.01.2021
Оқылды: 1066
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Жетісу» футбол клубының бас бапкері араға ай салмай жатып тағы ауысты. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Осыған дейін бас бапкер болып тағайындалған Константин Горовенконың орнына 31 жастағы Ринат Алютеов келді. Шығыс Қазақстанның тумасы Ринат Алютеов осыған дейін Өскемендегі «Алтай» футбол орталығында, сондай-ақ, жасөспірімдерді дайындайтын «ALASH» орталығының жетекшісі болды. Былтыр «Жетісу-Б» командасының бапкері болып, Бірінші лигада өз конференциясы бойынша екінші орын алды.

Жаңа бапкердің көмекшілері болып Рустам Усманов пен Денис Мамонов тағайындалды. Ал қақпашыны дайындайтын бапкердің орны әзірге бос тұр. Жылдың басында тағайындалған Константин Горовенконың бапкерліктен кетуі жұмбақ болып отыр. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, К.Горовенкода жұмысына қатысты келіспеушіліктер болған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"