БОРАНДА ҚАЛҒАН ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ҚҰТҚАРУҒА ПОЛИЦЕЙЛЕР ДЕ КІРІСТІ

Уақыты: 16.01.2021
Оқылды: 753
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының трассаларында қарлы боран астында ондаған көлік қалды. Қиын сәтте полицейлер де жүргізушілер мен жолаушыларды құтқаруды өз қолдарына алды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Райымбек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындары мен қонақтарына қар құрсауынан шығуға көмектесті. Ауа райының нашарлауына байланысты облыстың көптеген автожолдарында осындай проблемалар туындауда.

- Райымбек ауданындағы учаскелік полиция инспекторлары, атап айтқанда, полицияның аға лейтенанттары Кенже Болатхан мен Мажен Әліби боран салдарынан жолда қалып қойған адамдарға көмектесу үшін аудан автожолдарды патрульдеді. Олар сондай-ақ асфальтты қардан үзіліссіз тазартатын қар жинайтын машиналарды осы қиын жерлерге тартты, - деді Райымбек аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Мұрат Нұрдәулетов.

Желіде жарияланған видеода полиция қызметкерлерінің қызметтік көлікпен тұрып қалған машиналарды сүйреп шығарып жатқанын көруге болады. Естеріңізге сала кетейік, республикалық және облыстық маңызы бар көптеген жолдар қатты жел мен қалың тұманға байланысты жабылды. Ал полицейлер өз кезегінде бұл орындарда тәулік бойы кезекшілік атқаруда.

- Қатты боранға қарамастан, тұрғындар ұзақ сапарларға шығады. Сапар барысында сіздерден бұл туралы таныстарыңызға және туыстарыңызға хабарлауларыңызды сұраймыз. Қосалқы жылы киімдерді, сіріңкелерді және алғашқы медициналық көмек - дәрі қобдишасын өзіңізбен бірге алыңыз. Есіңізде болсын, қатал ауа райы сізді қиындықта қалдыруы мүмкін, - деп толықтырды полковник М.Нұрдәулетов.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"