ЖАҢБЫР, ҚАР, ТҰМАН ЖӘНЕ КӨКТАЙҒАҚ: АЛДАҒЫ АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

Уақыты: 21.01.2021
Оқылды: 922
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті алдағы ауа райына, оның ішінде, 20 қаңтар, кешкі уақыттан басталған жаңбыр, қар, боран және көктайғаққа байланысты маңызды ескерту жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Қазгидромет" РМК-ның 2021 жылғы 20 қаңтардағы хабарламасы негізінде, 22-23 қаңтарда Алматы облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

22 қаңтар күні күндіз және 23 қаңтарда түнде жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Кей жерлерде жел екпіні 23-30 м/с-қа дейін жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдығы - 85-90 пайыз.

Көктайғаққа, боранға және тұман түсуіне байланысты "Алматы-Өскемен" автожолының Қабанбайдан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі, Алматыдан Әли ауылына дейінгі аралықтарында жол қозғалысына шектеу қойылып, қазіргі таңда қайта ашылды.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын қатаң ұстануға, көктайғақта елді мекен ішінде және трассаларда абай болуға шақырады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан