Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

НАРЫҚТАҒЫ БӘСЕКЕ ШЕКТЕЛСЕ, ХАБАРЛАСЫҢЫЗ! БІРГЕ ТАЛҚЫЛАЙМЫЗ

Уақыты: 22.01.2021
Оқылды: 397

Тауар нарығында бәсекелестік шектеліп, құқықбұзушылықтарды байқасаңыз, мәселені жауапты мекемелермен бірге талқылауға мүмкіндік бар. Осы бағытта ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті онлайн режимде кедергілер мәселесін шешу жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді.

Кеңес отырысында өзекті мәселелер мен туристік қызмет көрсету нарығына кірудегі кедергілерді шешу мәселесі қарастырылды.

Кеңес төрағасы Иванова Светлана Петровна - «Когер ЛТД» ЖШС директоры қатысушыларды туристік қызмет көрсету нарығындағы жағдай туралы хабардар етті. Атап айтқанда, Су кодексіне және суды қорғау аймақтарын құру ережелеріне қатысты сұрақтар көтерілді.

Су кодексіне және суды қорғау аймақтарын құру ережелеріне сәйкес, су қорғау аймақтары шегінде, аумағында шектеулі экономикалық қызметтің режимі белгіленген су қорғау аймақтары бөлінеді. Суды қорғау аймақтары мен белдеулерін жобалауды мамандандырылған жобалау ұйымдары жүзеге асырады (BIVI). Оларда жағалау сызығымен іргелес аудандардың аумағын дамыту нормативтері белгіленген (100 метр).

Кеңес мүшелері суды қорғау аймақтары мен белдеулерін құру ережелеріне, атап айтқанда, мәжбүрлі деңгей мен өлі су деңгейін қолдануға болатын ғимараттар мен құрылыстар салуға рұқсат беру туралы өзгерістер енгізу туралы бастаманы қолданыстағы деректер ретінде шет елдердің тәжірибесін ескере отырып (Италия, Грузия, Испания, Хорватия және басқа) енгізу туралы ұсыныс жасады. Сонымен қатар, кедергілер жөніндегі кеңес төрағасы мен кеңес мүшелерінің шешімімен бұл мәселені талқылау және оларды шешу жолдарын бекіту 2021 жылдың 25 қаңтарына дейінгі мерзімге ұзартылды.

Кеңес мүшелерінің туристік қызмет көрсету нарығына кірудегі кедергілер туралы шешім қабылдауы кедергілер жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысында қаралатын болады.

Тауар нарықтарындағы және бәсекелестікті шектейтін неғұрлым өзекті және өткір проблемаларды бірлесіп қарау және шешу мақсатында Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 78 мекенжайына немесе +7(7282)24-28-16 телефоны бойынша хабарласуды сұраймыз.

Егер сізде талқылау тақырыптары бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды мына электрондық мекенжайға жіберуге болады: zh.s.aimanbetova@azrk.gov.kz

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан