Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖҮРІП КЕЛЕ ЖАТҚАН АВТОБУС ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫНҒА ОРАНДЫ

Уақыты: 23.01.2021
Оқылды: 472

Талдықорғанда көшенің қақ ортасында қоғамдық көлік отқа оранды. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Автобус толықтай жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ. «228-ші бағыттағы автобус Назарбаев даңғылының бойында отқа оранды. Алдын ала болжам бойынша, өрт көліктегі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған. Көлік жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ», - деді Талдықорған қалалық көлік және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұрбақыт Алтынбеков "Қазақпаратқа" берген сұхбатында.

Бөлім басшының айтуынша, автобус «Трансталл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі. Қазіргі уақытта қызыл жалынға оранған көлік аталған серіктестіктің аймағына жеткізілген. Өртті төтенше жағдайлар қызметінің мамандары сөндірген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"