ҚЫТАЙМЕН ШЕКАРАДАҒЫ "НҰР ЖОЛЫ" БЕКЕТІ 8 НАУРЫЗДА ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙДІ

Уақыты: 07.03.2021
Оқылды: 724
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» бақылау-өткізу бекеті 2021 жылдың 8 наурыз күні жұмыс істемейді. Бұл жайында ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шектеулер Қазақстан Республикасында Халықаралық әйелдер күнінің тойлануымен байланысты. Атап айтқанда, сол күні азаматтар, көлік құралдары және жүк Мемлекеттік шекара арқылы өткізілмейді. Министрлік тасымалдаушылардан және шекарадан өтуді ойлаған барлық азаматтарға шектеу шараларын ескере отырып, өз бағдарларын алдын-ала жоспарлауды сұрайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан