ҮШТӨБЕЛІК ШАРУАЛАР ТАҢНАН КЕШКЕ ДЕЙІН ЕГІСТІК АЛҚАБЫНДА ЖҮР

Уақыты: 23.04.2021
Оқылды: 1448
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Қаратал аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, биыл өңірімізде 21601 гектар жерге дән себілмек. Үштөбе өңірінің шаруалары таңнан кешке дейін бел жазбай еңбек етіп жатыр. Қазір жұмыс қыза түскен. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Нақтырақ айтар болсақ, 3134 гектар жерге майбұршақ, 2544 гектар жерге арпа, 788 гектар жерге жаздық бидай егілмек. Ауданда жыл сайын қызылша өсіру көлемі артып келеді. Биыл 1400 гектар жерге балтамыр дәнін егу жоспарлануда. Сонымен бірге, 225 гектар жерге күнбағыс, 400 гектар жерге мақсары, 1120 гектар алқапқа картоп, 1754 гектар жерге көкөніс егу көзделіп отыр.

Қазіргі таңда жер жырту, тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, аудан бойынша 9935 гектар егістік алқабына соқа салынбақ. Сондай-ақ, 5000 гектар сүдігер, 2126 гектар көпжылдық шөп егу іске асырылады. Дала төсінде тракторлардың гүрілдеген дауысы естіліп, егін егу жұмыстары жандана түсті.  «Көктемнің әр күні – жылға азық» демекші, шаруалар таңның атысынан  күннің батысына дейін бел жазбай еңбек етіп жүр. 

Асхат БАҚЫТҰЛЫ

Қаратал ауданы

Алматы облысы