«E-SALYQ-AZAMAT» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Уақыты: 16.06.2021
Оқылды: 1766
Бөлім: ЭКОНОМИКА

«Jetisy media» ақпараттық алаңында «E-salyq-Azamat» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері жайлы брифинг өтті. Бұл туралы Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы Қарақат Құрмашқызы баяндады.

Сервис азаматтарға дайын деректемелер бойынша төлем жүргізу мүмкіндігімен бір мезгілде оны төлеу мерзімі басталғанға дейін алдағы салық сомасын білуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мобильді қосымшада мүлікке, жерге және көлік құралына қолда бар салық салу объектілері бойынша онлайн толтыруды, автотасымалдауды және қарауды жүргізуге мүмкіндік береді. Және салық салу объектілері бойынша деректерді түзетуге уәкілетті мемлекеттік органдарға электрондық өтінімдерді жіберу мүмкіндігі қарастырылған.

«E-salyq-Azamat» бірнеше қызмет түрлерін қамтиды. Мысалы, берешекті бір мезгілде төлеу мүмкіндігімен тексеру, салықтар бойынша болашақ төлемдерді тексеру, көлікке салынатын салықты және ЖТС, өсімпұлды есептеу, электрондық кезекті онлайн брондау, салық төлеушілерді іздеу, шағымдардың электрондық кітабы секілді қажет қызметті пайдалана аласыз, – деді Қарақат Құрмашқызы.

Айта кетейік, «Электрондық салық әмияны» «E-salyq-Azamat» мобильді қосымшасы  2020 жылы іске қосылған. Оны App Store немесе Play Market-тен  тегін жүктеп алуға болады.

Шолпан БИҒОЖАНОВА,
І. Жансүгіров атындағы ЖУ-дің студенті