БИЫЛ ҚАМБА ТОЛА МА? АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ОРАҚ НАУҚАНЫ ҚЫЗУ

Уақыты: 23.09.2021
Оқылды: 1380
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысында биыл бір миллион тоннадан астам дәнді дақыл жинау жоспарланған. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде стратегиялық маңызы бар қант қызылшасын, жүгері және күріш дақылдардын жинау, ору жұмыстары басталды.

Биыл жетісулық шаруалар ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабын 3,7 мың гектарға ұлғайып, 972,2 мың гектарға жеткізген. Оның ішінде дәнді дақылдарды жиналатын алқап – 485,4 мың га болса, ондағы дәндік жүгері – 95,8 мың га , күріш - 8,2 мың га, қант қызылшасы 16,1 мың га алқапқа себілген.

Бүгінде Алматы облысының біраз өңірінде егін жинау қарқынды жүріп жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"