Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ОБЛЫСТА ГАЗ БАҒАСЫН НЕГІЗСІЗ КӨТЕРГЕН СЕРІКТЕСТІККЕ ЕСКЕРТУ ЖАСАЛДЫ

Уақыты: 14.01.2022
Оқылды: 660
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысының автогаз сатушыларына шекті бағаны сақтау қажеттілігі туралы ескертілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті хабарлады.

Алматы өңірінің АГҚС-да (автогаз құю станциялары) автокөліктерге жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын сатумен айналысатын кәсіпкерлердің қатысуымен онлайн-кеңес өткізілді.

Департамент басшысы жиналысқа қатысушыларды бұған дейін департаментпен кәсіпорындардың мекенжайына жолданған, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізу туралы» бұйырығының талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Бұдан басқа, департамент автогаздың шекті бөлшек сауда бағасын көтерген «Тавиди» ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын жою туралы нұсқама шығарды.

Алматы облысында автогазға шекті бөлшек сауда бағасы 1 литр үшін 70 теңгені, облыстан шалғай аудандар үшін 1 литр үшін 75 теңгені құрайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"