АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ - ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫ. БОЛАШАҚТАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Уақыты: 16.03.2022
Оқылды: 2158
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Көпшіліктің баяғыдан айтылып келе жатқан ұсыныс-тілегінің бірі - Қапшағай қаласының атауын өзгертіп, Қонаев деп атау. Бұл мәселеге қатысты Президент пікір білдірді.

"Қапшағай қаласы халқымыздың біртуар перзенті – Дінмұхамед Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер жұртшылық Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсыныс айтса, мен бұл пікірге қосыламын. Мен мұның бәрін азаматтардың ұсыныс, пікірлеріне сүйеніп айтып отырмын. Жергілікті тұрғындар жаппай қолдаса, осы бастамаларды таяу арада жүзеге асыруға болады деп санаймын", - деді Президент халыққа арнаған кезекті Жолдауында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"