Алматы облысында республикалық маңызы бар Сарыөзек-Көктал жолы екі күнге жабылды. Бұл бағытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
"Республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» автожолының 45-68 шақырымында 17-18 наурыз күндері аралығында өндірістік қажеттілікке байланысты бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты, автомобиль жолының осы учаскесі барлық автокөлік түрлері үшін шектелді. Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды, сондай-ақ, 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды. Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктеуге болады", - делінген Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"