АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Уақыты: 31.03.2022
Оқылды: 1502
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысы әкімінің өкімімен Саят Маратұлы Қараласов Алматы облысының құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Саят Маратұлы 1978 жылы туған. Білімі - жоғары. Қазақ мемлекеттік көлік және коммуникациялар академиясын және Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "темір жол құрылысы", "жол және жол шаруашылығы" сияқты құрылыс мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Тоннельный отряд-1» ЖШС 3-ші разрядты тау-кен жұмысшысы болып бастаған. Әр жылдарда Алматы қаласы құрылыс басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, «ЭКСПО-2017» АҚ «ҰК» Астана ЭКСПО-2017» құрылыс департаментінің бас менеджері, Алматы қаласының жайлы қалалық орта басқармасы басшысының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бірнеше бөлімдерінде басшы қызметін атқарды.

2022 жылдың ақпанынан осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының құрылыс және перспективалық жоспарлау бөлімінің басшысы болды.

Еске сала кетейік, Алматы облысы әкімінің өкімімен Дәурен Бақтұрұлы Жолжанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы облысының құрылыс басқармасының басшысы лауазымынан босаталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"