ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ЖИЫН-ТЕРІН БАСТАЛДЫ. БИЫЛҒЫ ШЫҒЫМ ҚАЛАЙ?

Уақыты: 09.08.2022
Оқылды: 4153
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Жетісу облысында жиын-терін жұмысы жүріп жатыр. Бүгінгі күнге жалпы алаңы 308,6 мың гектар жердің 127 мың гектарынан немесе 41,1%-нан дәнді дақыл жиналды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, 247,2 мың тонна астық бастырылды, егіннің орташа шығымдылығы – 19,5 ц/га, бұл өткен жылы 18 ц/га айналған болатын.

Жалпы, облыстағы дәнді дақылдардың алаңы 308,6 мың гектар (2021 ж. – 302,5 мыңга). Сонымен қатар, мал азығын дайындауға да ерекше мән берілуде. Бүгінгі күні 1350,5 мың тонна мал азығының қоры жинақталды, бұл – өңірдегі қажеттіліктің 70,3%-ы, соның 1095,7 мың тоннасы – шөп, 77 мың тоннасы – пішендеме, 90,6 мың тоннасы – сабан, 87,2 мың тоннасы – жем. Өңірде жем-шөп дайындау жұмыстары әлі де жалғасады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі