АЛМАТЫ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ШЕКАРАСЫН БЕЛГІЛЕУ: ЖАҢА ҚАУЛЫ ШЫҚТЫ

Уақыты: 30.09.2022
Оқылды: 1659
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Қазақстан Республикасы Үкіметінің №735 қаулысы шықты. Онда Алматы және Жетісу облыстарының шекарасын өзгерту, қайта белгілеу туралы жазылған.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Алматы облысының шекарасы оның аумағынан Жетісу облысының жалпы ауданы 11848,3 мың гектар жерін шығару жолымен өзгертілсін.

2.Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Жетісу облысының шекарасы белгіленсін.

3.Алматы және Жетісу облыстарының әкімдіктері осы Қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4.Осы Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.Смайылов", - делінген Қаулы мәтінінде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"