ЖЕТІСУДЫҢ ТАҒЫ БІР БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Уақыты: 20.10.2022
Оқылды: 1142
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Нұрдәулет Кененбаев облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Нұрдәулет Сағадиұлы 1966 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ ауылшаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Көксу ауданы Еңбекші кеңшарының агрономы болып бастаған.

Әр жылдарда Алматы облысының жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау жөніндегі инспекциясының бас маманы, облыстық жер қатынастары басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, облыс әкімі аппаратының агроөнеркәсіп бөлімінде меңгеруші, ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінде облыс әкімінің бас инспекторы, ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінде бас инспекторы, Көксу, Кербұлақ аудандарында әкімнің орынбасары, Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2022 жылдың шілдесінен – Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"