Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ҚАРАТАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ "ТАСТӨБЕ АГРО ФУД" ҰЖЫМЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Уақыты: 23.11.2022
Оқылды: 877
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Бүгін “Тастөбе Агро Фуд” ұжымын Қаратал ауданының әкімі Ерлан Шойұлының атынан орынбасары Ұлан Досымбеков кәсіби мереке - Ауылшаруашылығы күнімен арнайы құттықтады.

“Сіздерге Отанымыздың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы табанды еңбектеріңізбен өз істеріңізге адалдықтарыңыз, туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғыс айтамыз. Біз сүт саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауды жоспарлап отырмыз”, - деді Ұлан Досымбеков.

2015 жылдан бері іске қосылған серіктестіктің иелігінде бүгінде 700-дей асыл тұқымды ірі қара бар. Мұндағы 410 аналық бастан тәулігіне 6 тоннадан астам сүт алынады. Сүт майлылығының үлесі жоғары деңгейде, яғни 4,3 пайызды құрайды. Сондықтан да болар, шаруашылық сүтіне деген сұрасын жоғары. Ал, сиырлар Альпі тауынан жеткізілген.

ЖШС жетекшісі Шыңғыс Ахметовтің айтуынша, цифрландыру талабына орай мұнда жұмыстың дені автоматтандырылған жүйеде атқарылады. Мұндағы әр сауыншы неміс технологиясымен бір мезетте арнайы аппараттардың көмегімен 24 сиыр сауа алады және мал мен жалпы жұмыс процесінің барлық деректері «Dairy plan» жүйесінде сақталады. Шаруашылықта 65 адам жұмыс істесе, бүгінде дейін жұмысшыларға арнап серіктестік базасында 15 тұрғын үй салған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"