ҚОСЫМША ҚҰН САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУДЕ ҚАНДАЙ КЕДЕРГІЛЕР БАР? КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

Уақыты: 05.01.2023
Оқылды: 2419
Бөлім: ЭКОНОМИКА

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінде кедергілер жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Отырыста қосымша құн салығын (ҚҚС) есептеудегі проблемалар мен кедергілер қаралып, талқыланды. Бұл туралы аталған агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, 2022 жылы азық-түлік дүкендері үшін ҚҚС бойынша есепке қою кезінде айналымдардың ең төменгі мөлшері 20 мың АЕК, яғни, 61 260 000 теңгені құрайды, ал жалпы кассадан түсетін табыс (маржа) небәрі 15-20% құрайды, ал өз кезегінде айналымнан 3% салық, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау мүмкіндігі үшін банкке пайыз алынады, сондай-ақ жалақы мен оның да салығы бар, лицензиялық алым, коммуналдық қызметтер, көп жағдайда жалдау немесе несиені қосыңыз.

Егер азық-түлік дүкендері ҚҚС бойынша есепке алынса, онда салықты төлеу үшін тауардың құны кем дегенде 12%-ға өседі. Бұл халық арасында одан да көп әлеуметтік шиеленісті тудырады. Сондай-ақ, көптеген кәсіпкерлер жабылуға немесе "көлеңкеге кетуге" мәжбүр болады. Осыған байланысты салық заңнамасына өзгерістер енгізу ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша кедергілер жөніндегі кеңес мүшелері ҚР Салық кодексінің 394-бабына мынадай сипаттағы толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдады. Шешімде қосылған құн салығынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдар босатылды.

Қазақстан Республикасы өткізілетін орны болып табылатын мынадай тауарлар, яғни, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдар қосылған құн салығынан босатылады:

51-тармақ) тамақ өнімдерімен, сусындармен және темекі өнімдерімен бөлшек сауда.

Тауар нарықтарында бар және бәсекелестікті шектейтін неғұрлым өзекті және өткір проблемаларды бірлесіп қарау және шешу мақсатында Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 78 мекенжайы бойынша немесе +7 (7282) 24-28-24 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз. Егер сізде талқылау тақырыптары бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды электрондық мекенжайға жібере аласыз: dazrk_alm@azrk.gov.kz

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"