ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ САНДЫҚ ФОРМАТТА

Уақыты: 18.06.2024
Оқылды: 436
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Жыл басынан бері «Бірыңғай жинақтаушы зейнет- ақы қоры» АҚ халыққа 21,5 млн.-нан астам қызмет көрсетті. Жалпы қызмет санының 7,9 миллионнан астамы электрондық форматта көрсетілсе, 13,0 миллионға жуық қызмет автоматты түрде, 0,2 миллионы қашықтықтан жүзеге асырылды.


БЖЗҚ төлемдердің түрлеріне қатысты қызметтерді барлық форматта, соның ішінде электронды және күндізгі бөлімде көрсетеді. Күндізгі форматта 399 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қордың кеңселерінде 381 мыңға жуық қызмет ұсынылды. 

Бүгінде есепті кезеңде автоматты режимде көрсетілетін қызметтер саны едәуір өскен. Бұл өсім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақ- станда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын енгізуге, сондай-ақ, «Ұлттық қор балаларға» бағдарламасы шеңберінде төлемдерді есептеуге байланысты.

Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, «Ұлттық қор балаларға» бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен жинақтар автоматты түрде есептеледі. Онымен қоса, шоттарды автоматты түрде ашу, кәмелетке толмаған азаматтарға нысаналы талаптарды есептеу және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары сомаларын есепке алу БЖЗҚ-ның мемлекеттік органдардың дерекқорларымен интеграциялануына болып тұр.

Айғаным АЙТМҰХАН