Өткен бес айда облысқа тартылған инвестиция көлемі артты

Уақыты: 24.06.2024
Оқылды: 269
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Осы жылдың қаңтар-мамыр айларында Жетісу облысының экономикасына 21,0% өсіммен 84,6 млрд. теңге инвестиция тартылды, соның ішінде жеке инвестициялар 1,8 есеге өсті. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне қарағанда, инвестиция тарту жағынан ең жоғары өсу қарқыны Сарқан (3,3 есе) және Көксу аудандарында (2,5 есе) байқалды,оның ішінде жеке инвестициялар бойынша – Сарқан (5,4 есе), Алакөл (2 есе), Кербұлақ (1,9 есе), Көксу аудандары (1,8 есе) мен Текелі қаласы (1,8 есе) жақсы көрсеткіш көрсетіп отыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өткен 5 айда облыста орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 60,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,9 есе көп. Құрылыс көлемінің ұлғаюындағы оң динамика Сарқан, Алакөл, Көксу, Ескелді, Ақсу аудандарында тіркелді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару көлемі 73,0 млрд теңгені құрап, өткен жылғы деңгейден 1,5%-ға асып, барлық аудандар мен қалаларда өсім қамтамасыз етілді. Соның ішінде ең үлкен өсім Қаратал (109,7%), Алакөл (104,3%) аудандарында байқалды. Орта есеппен мал басы 0,8%-ға, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру 1,5%-ға ұлғайды% (ет – 104,4%, сүт – 101,7%).

Сауда көлемі 19,5%-ға ұлғайып, 258,1 млрд. теңгені құрады, оның ішінде бөлшек тауар айналымы – 98,2 млрд.теңге, өсім 1,3 есе, барлық өңірлерде оң динамика тіркелді.