ҚЫТАЙДАН ИНВЕСТОР ТАРЫЛМАҚ

Уақыты: 10.07.2024
Оқылды: 376
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Елде жалпы қуаттылығы жылына 210 мың тонна жүгеріні терең өңдейтін екі зауыт жұмыс істейді. Олар Жетісу және Алматы облыстарында орналасқан.


Ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметінше, еліміз жүгеріні терең өңдеу үшін қытайдан инвестор тартуды көздеп отыр. Осыған байланысты қытайлық компания жаңа кәсіпорын салуға қызығушылық танытуда. Жүгеріні терең өңдеу зауытын іске қосудың жалпы мерзімі  10 жылға созылуы мүмкін. Жобаға құйылатын инвестициялар 150 млн. АҚШ долларын құрамақ. Сонымен бірге 500-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Кәсіпорында шошқа мен құстарды емдеуге арналған тиамулин препарат өндірісі жолға қойылмақ.

Бүгінгі таңда жүгеріні пилоттық отырғызу үшін тұқым әкелу, сондай-ақ, Қазақстанда заңды тұлғаны тіркеу мәселесі пысықталып жатқан көрінеді. Ауылшаруашылығы министрлігі, Түркістан облысында отандық компания жүгеріні терең өңдеу жобасын іске асыру бойынша жұмыстардың басталғанын мәлім етті. Іске қосу 34 млрд. теңгеге бағаланады. Мұнда олар жүгері крахмалы мен меласса шығаруды жоспарлап отыр. Зауыттың қуаттылығы жылына 100 мың тоннаны құрамақ.

Айгүл Байжұмақызы