Оқи отырыңыз
Алғашқы жартыжылдықта Кербұлақ ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі 10 млрд. 231 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 107,6% болды.
Қаржыландырудың барлық көздерінен 3 172 шаршы метр тұрғын үй енгізіліп, нақты көлем индексі 109,8% болды.
2024 жылдың наурыз «KazStroy-building» ЖШС-мен меморандумға қол қойылып, құрылысы жұмыстары басталды. Аталған тұрғын үйлермен кезекте тұрған тұрмысы төмен, әлеуметтік осал топтағы азаматтар қамтылатын болады.
Бір тұрғын үй құрылысын «Сем-Шоғы Құрылыс-Сервис» ЖШС-і салып, қазір жұмыстың 95 пайызы аяқталған. Үйлердің айналасын көріктендіру мен инженерлік-коммуникациялық жүйесін «УниверсалСтройСервис» ЖШС-і атқарады.
Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 968 млн. теңгеге көбейді.