Бүгінде ауыл азаматтарын кәсіпкерлікке ынталандыру мақсатында елімізде түрлі бағдарлама жүзеге асырылуда. Ауылшаруашылығын дамыту, жұртшылықты өнімді еңбекпен қамту аясындағы қаржыландыру тетігі ауыл кәсіпкерлері үшін елеулі көмек көзіне айналып отыр.
Мәселен, Қаратал ауданында «Кең дала – 2» және «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алып, несібесі артып отырған шаруа қожалықтары жетерлік. Аудан бойынша «Кең дала – 2» кредиттеу бағдарламасына қатысуға 30 шаруа қожалығы 185,4 млн. теңгеге, 2025 жылдың көктемгі дала жұмыстарына 27 ауылшаруашылық тауар өндіруші 256 млн. теңге алуға ниет білдіріпті. Нәтижесінде «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ арқылы 20 шаруа қожалығы 469 млн. 90 мың теңге көлемінде несие алған. 8 шаруа қожалығының 236 млн. 250 мың теңгеге несие алуға өтініштері қабылданды.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 23 несие алушы 153 500 000 теңгеге өтініш берді. Оның ішінде ауылшаруашылығы бағытында 22 несие алушы 144 150 000 теңге, 1 ауылшаруашылығы емес бағытта 9 200 000 теңге. Қазіргі кезде 5 несие алушының өтініштері қабылданды.
"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"
Фото: inkaraganda.kz