МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН ӘҢГІМЕЛЕСІП, ЕЛІМІЗДЕГІ ӨНДІРІСТІҢ РӨЛІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

Уақыты: 12.12.2024
Оқылды: 343
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесіп, еліміздегі өндірістің рөлі туралы айтты.


 

– Мемлекет мықты болсын десек, ең алдымен, өңірлеріміз қуатты болуы керек. Өндірісі дамыған елге айналу үшін осы салаға көңіл бөліп отырмыз. Стратегиялық маңызы бар Жетісу облысына ерекше назар аударамыз, – деді Президент.



Бұдан кейін Мемлекет басшысы облыстағы кәсіпорындардың жетекшілерімен кездесіп, пікір алмасты. Сондай-ақ отандық бизнесті қолдау мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты екенін жеткізді.