Көктемгі дала жұмыстарына дайындық қалай?

Уақыты: 13.02.2025
Оқылды: 300
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Кербұлақ ауданының шаруалары дала жұмысына қайта кірісіп кетті. Диқандар биыл да мол өнім алуға үмітті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратта биыл аймақ бойынша егістік көлемі  113 мың  893 гектарды  құрап отырғаны көрсетілген.  Бұның  27 мың 111 гектарына  күздік  бидай себілсе, 70 мың  861 гектарға жаздық дәнді дақылдар себу жоспарланып отыр. Нақтырақ айтқанда,  66 мың 114 гектарға жаздық арпа, 4 300  гектарға жаздық бидай, 40 гектарға сұлы, 300 гектарға дәндік жүгері, 107 гектарға қарақұмық егу жоспарланып отыр.

Өткен егін жинау науқанында аудандағы шаруашылықтар өздеріне қажетті тұқымды жинап қойған. Енді жерді өндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін механизаторлар бір мезетте сеуіп шығады. Жалпы астық  97 мың 972 гектар алқапқа егіледі деп жоспарланып отыр. 3 090 гектарына майлы дақыл (мақсары), 1 288 гектарға картоп, 350 гектарға қант қызылшасын егу жоспарлануда.

Егін егу, оны күтіп-баптау, жинау жұмыстарында шаруашылықтарда тракторлар, жүк көліктері, комбайндар сақадай сай тұр. Бүгінгі күнге бұл жұмыстарға 1 184 трактор, 519 соқа, 409 сепкіш, 213 қопсытқыш, 517 жер тырмалары қатысады. Бүгінгі таңда оларға қажетті жанар-жағар майдың жетіспеушілігі білінбейді. 2025 жылдың көктемгі және күзгі  дала жұмыстарына  «Gosagro.kz» порталы арқылы жанар-жағар майға өтінімдер қабылданды. Бүгінгі күнге көктемгі дала жұмыстарына  84  шаруа қожалық 1 554 тонна, күзгі жиын-терін жұмыстарына 56 шаруа қожалық 1 799 тонна  жанар-жағар  майға   өтінім берілді. Яғни, егін егу жұмыстарының толық жүргізілуіне барлық жағдай жасалып отыр.

Фото: Inbusiness.kz