САЛЫҚ: МӘЖБҮРЛЕП ТАРАТЫЛАТЫН СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Уақыты: 20.03.2020
Оқылды: 820
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Салық кодексінің 93-бабына сәйкес, мәжбүрлеп таратылатын субъектілердің алдын-ала тізімін жариялады.

Мәжбүрлеп таратуға жататын субъектілердің бастапқы тізімі Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «alm.kgd.gov.kz» сайтында «Департамент туралы – Пресс центр - Тізімдер» бөлімінде қосымша жарияланғанын хабарлайды.

Кредиторлардың және өзге де тұлғалардың өтініштері (талаптары) жарияланған күннен бастап екі ай ішінде, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 113, № 324, № 326 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.

Өтініштер (талаптарды) қабылдау бойынша жауапты тұлға: Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті оңалту және банкроттық бөлімінің басшысы С.Шәйкенов. Байланыс телефондары: 8/7282/ 60-12-01, 8/7282/60-12-76, 8/7282/60-11-14.

Тізімді көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз!
https://drive.google.com/file/d/1OMCYJtLVy1UuCs1XL4tnWoX2qid5naZP/view?usp=sharing

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды