ҚАЗАҚСТАНДА 42 МЫҢ 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІМ БЕРЕТІН БОТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Уақыты: 07.04.2020
Оқылды: 883
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Қазақстанда 42 500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды Ол үшін "Telegram" мессенджеріне кіріп, іздеу жолағына @Help42500Bot деп жазып, «Start» батырмасын басу қажет.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат үшін: 1.«Өзін-өзі жұмыспен қамтушы» батырмасын басу; 2.Өзінің ЖСН енгізу; 3. Электронды пошта адресін енгізу; 4.Телефон нөмірін енгізу; 5.Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN); 6.Өтінішті растау қажет.

Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
✔️ сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
✔️сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
✔️ сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.

Қызметкер үшін: «Қызметкер» батырмасын басу; Өзінің ЖСН енгізу; Жұмыс істейтін ұйымның БСН-ын енгізу; Электронды пошта адресін енгізу; Телефон нөмірін енгізу; Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN); Өтінішті растау қажет.

Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
✔️сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
✔️сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
✔️сіздің өтініміңіздің өңделгені туралы жауап.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Сурет ғаламтордан алынды