ТАЛДЫҚОРҒАН ӨҢІРІНДЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БАҒАСЫ ТӨМЕНДЕДІ

Уақыты: 26.01.2021
Оқылды: 1227
Бөлім: ЭКОНОМИКА

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Жетісу Энерготрейд» ЖШС тұтынушылардың барлық топтары үшін электрмен жабдықтау қызметтеріне арналған тарифтерді өз бетінше -1,1 пайызға төмендетті. Егер бұрын тариф 15,74 теңгені құраса, жыл басынан бері ол 15,56 теңгеге дейін төмендеді.

Бұл туралы Журналистер үйінде «2021 жылғы коммуналдық қызмет саласындағы тарифтер» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Жиында тарифтік монополияларды реттеу комитеті Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Думан Қалибеков:

– Әрбір мемлекеттік органның тарифтік жүйесіне орай аппараттардың есептеу пайызының жүйесінде жарық, су және жылу энергиясының берілу пайызы қарастырылды. Мемлекет басшысы мен ҚР Үкіметінің тапсырмасын орындау аясында департаментпен 2021 жылдың базалық субьектілеріне орай «Талдықорған жылусервис» МКК, «Жетісу су құбыры», «Алматы газ сервис-холдинг» және «ТАТЕК» АҚ-ның жылумен, сумен жабдықтау, электр энергиясын тасымалдау қызметтерінің бағасы өспейді. Газбен қамтамасыз ететін 4 кәсіпорынның тарифі 0,8-ден 1,7 пайызға дейін төмендеді. «Жетісу Энерготрейд» ЖШС электр энергиясының құнын 2,9 пайызға азайтты, – деді.

Әйтсе де, басқа облыстармен салыстырғанда Жетісу өңірінде тарифтің бағасы әлі де жоғары.

Арай ОРАЗҒАЛИ,

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 4-курс студенті

Алматы облысы

Сурет - ғаламтордан