ПРЕЗИДЕНТ КОВИДКЕ ҚАРСЫ ҚАЗАҚСТАНДА ШЫҚҚАН ВАКЦИНАНЫ САЛДЫРДЫ

Уақыты: 07.04.2021
Оқылды: 1123
Бөлім: САЯСАТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған, коронавирустан қорғайтын «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Бұл жайында "Жетісу" газеті Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ. «Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулердің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді», - делінген Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарламасында. Сондай-ақ, жазбада Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырғаны, бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз жолы екені айтылды. Бұған дейін Президент Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға шетелден вакцина жеткізуді қамтамасыз етуді және отандық вакцина өндіруді жолға қоюды, сондай-ақ, екпе салу үдерісін ұйымдастыруды тапсырған болатын.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан