ПРЕЗИДЕНТ ВАКЦИНА ӘЗІРЛЕГЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАРҒА АЛҒЫС БІЛДІРДІ

Уақыты: 25.04.2021
Оқылды: 1744
Бөлім: САЯСАТ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ отандық QazVac (ҚазВак) екпесін әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс білдірді. Бұл туралы "Жетісу" газеті Президенттің желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлады.

"QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады. Барлық азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын!" - деп жазды Президент Тwitter парақшасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан