ҚАЗАҚСТАН СПОРТЫНА ШҰҒЫЛ РЕФОРМА ЖҮРГІЗУ ҚАЖЕТ: ПРЕЗИДЕНТ СӨЗІ

Уақыты: 10.08.2021
Оқылды: 1111
Бөлім: САЯСАТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Токио Олимпиадасына қатысып, намысты қолдан бермей, 8 қола алып қайтқан спортшыларға ерекше алғысын білдірді. Бірақ Президент бұл көрсеткіш мемлекет тарапынан бөлініп отырған қаражатқа сәйкес келмейтінін, сондықтан, спорт саласына шұғыл түрде реформалар қажет екенін алға тартты. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Токиода өткен Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 93 спортшы қатысты. Жеңіске жету жолында бар күш-жігері мен шеберлігін көрсеткен атлеттерге алғысымды білдіремін. Олимпиаданың қола жүлдегерлерін құттықтаймын. Бұл - ұзақ уақыт бойы жүргізген табанды жаттығулардың жақсы нәтижесі. Токио Олимпиадасынан сабақ алып, Парижде өтетін келесі ойындарда халық үмітін ақтайтындай нәтижеге қол жеткізу керек. Алайда 8 қола медаль алып, жалпы командалық есепте 83-нші орынға табан тіреген Ұлттық құраманың бұл көрсеткіші Қазақстанның спорттағы әлеуетіне және мемлекет тарапынан спортты дамытуға бөлініп отырған мол қаражатқа сәйкес келмейді. Ұлттық құрамның Олимпиададағы көрсеткіші спорт секілді аса маңызды салада шұғыл әрі тиімді реформалар жүргізу қажет екенін көрсетті. Бұқаралық және балалар спортын дамытуға көңіл бөліп, сол арқылы әлемдік аренада үлкен табыстарға қол жеткізуге ұмтылу қажет", - деп жазды Президент желідегі парақшасына.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан