ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ САНЫ РЕСМИ ТҮРДЕ 70 ПАЙЫЗДАН АСТЫ

Уақыты: 08.12.2021
Оқылды: 1610
Бөлім: САЯСАТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады. Онда халық санағының алғашқы нәтижесі жария етілді. Бұл туралы "Жетісу" газеті Президенттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Қабылдауда Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері туралы баяндалды. Асқар Маминнің мәліметі бойынша, қазақстандықтардың жалпы саны 19 169 550 адамға жеткен. Отандастарымыздың 48,71 пайызы – ерлер, 51,29 пайызы - әйелдер болып шыққан.

Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген. Санақ қорытындысы бойынша, жалпы халықтың 33,97 пайызы – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72 пайызы – 14-28 жас аралығындағы жастар. Еліміздегі қазақтардың үлесі 70 пайыздан асқан (нақтырақ 70,18 пайыз).

Халықтың 59,05 пайызы, яғни, 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан