ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖАҢАДАН ТУҒАН СӘБИЛЕРГЕ АШЫҚ ХАТ ЖОЛДАДЫ

Уақыты: 25.12.2021
Оқылды: 1293
Бөлім: САЯСАТ

Алматы облысында 205 сәбиге «Сүйінші» сыйқорабы табыс етілді. Қорап ішінде Президенттің Ашық хаты бар. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Дәл осындай сыйлық Тәуелсіздік күні дүниеге келген 2 мыңнан астам сәбиге берілді. «Сүйінші» сыйқорабына бөбектерге қажетті заттардан басқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған Ашық хат, "Тәуелсіз Қазақстанға - 30 жыл" монетасы мен туу туралы куәлік салынған.

Балаларға туу туралы куәлікті алу туралы өтінімдерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері қабылдап, әрі қарай Қазақстан азаматының алғашқы құжатын ресімдеу үшін АХАЖ органдарына жолданды.

Айта кету керек, «Сүйінші» сыйқораптарын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі «Азаматтарға арналған үкіметпен бірге және ҚР Ұлттық банк, Центркредит банкі және «Қазпошта» АҚ қатысуымен ұйымдастырды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"