ПРЕЗИДЕНТ БӘРІ ҚЫМБАТ ДЕП АЛАҢҒА ШЫҚҚАНДАРҒА ҮНДЕУ ТАСТАДЫ

Уақыты: 04.01.2022
Оқылды: 3018
Бөлім: САЯСАТ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ алаңға шыққан демонстранттарға үндеу жасады.

«Үкімет өз өкілеттігінің аясында елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасының әр литрін 50 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Демонстранттарды еліміздің тұтастығы мен бірлігіне сызат түсіруді көздейтін деструктивті топтардың үндеуіне құлақ аспауға шақырамын. Басқа да әлеуметтік-экономикалық талаптар ертеңгі елордада өтетін кеңес барысында жеке қарастырылады», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, 5 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізбек. Онда Қазақстандағы қымбатшылық мәселесі сөз болады. Қазіргі таңда қымбатшылыққа байланысты наразылықтар Маңғыстаудан басқа да аймақтарда жалғасын тауып, әлеуметтік желі арқылы бейнежазбалар тарауда.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"