ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ШВЕЙЦАРИЯЛЫҚ БАНКТЕ ЕШҚАНДАЙ ҚАРЖЫСЫ ЖОҚ

Уақыты: 21.02.2022
Оқылды: 1282
Бөлім: САЯСАТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ швейцариялық банкте ешқандай қаржысы жоқ. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

"Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатқандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ. Сондай-ақ, Президенттің шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға да ешқандай қатысы болмаған және шетелде жылжымайтын мүлкі де жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлының бұрынғы жұбайының да мақалада жазылғандай ешқашан қаржылық шоты болмаған. Тимур Тоқаевқа келетін болсақ (Президенттің ұлы), жасы 38-де. Ол – кәсіпкер, ешқашан мемлекеттік қызметте істемеген", - делінген Президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Президент экономика мен саясаттағы монополияны шектеуге, реформаларды жүзеге асыруға күш салып келеді. Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының осындай шешімдерін жақтамайтын адамдар әдейі фейк-ақпараттық шабуыл таратуы мүмкін екенін еске салды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"