ТОҚАЕВ РЕСЕЙДІҢ ЖӘНЕ УКРАИНАНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТЕРІМЕН СӨЙЛЕСТІ

Уақыты: 03.03.2022
Оқылды: 1467
Бөлім: САЯСАТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Ресей және Украина Президенттерімен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Президенттің ресми сайты хабарлады.

Қ.Тоқаев пен В.Путин екі елдің экономикалық жағдайы мен сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі мәселелерді талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі ахуалға қатысты келіссөздер барысында ортақ келісімге қол жеткізудің аса маңызды екенін атап өтті. Ал В.Зеленскиймен болған екеуара әңгімеде Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты. Мемлекеттер басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті.

"Владимир Зеленскиймен Украинадағы жағдай туралы сөйлестім. Елдегі әскери іс-қимылдарды тоқтату үшін келіссөздер арқылы уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айттым. Гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамытуға келістік. Президент Владимир Путинмен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелері жөнінде сөйлестім. Украинадағы жағдай бойынша келіссөздер арқылы келісімге келу аса маңызды екенін айттым", - деп жазды Президент Қ.Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"