Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ АРҚЫЛЫ БИЛІККЕ ДЕГЕН СЕНІМ КҮШЕЙЕДІ

Уақыты: 24.05.2022
Оқылды: 937
Бөлім: САЯСАТ

Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты кезекті ХХХІ сессиясы ашылып, еліміздің өркендеуіне қажетті жаңа қадамдар жарияланды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу  жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды.

Референдумды қолға алған кезде Конституцияғы енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын енгізу дүйім жұртшылыққа өте тиімді болмақ. Бұл жаңаша тыныс, тың леп. Бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Ата Заңға өзгерістер енгізу қазақстандықтардың билікке деген сенімін нығайтып, ертеңгі күнге деген үмітін арттыра түседі деген ойдамын.

Мемлекет басшысы бейнеүндеу арқылы жолдаған баяндамасында референдум күнін 5 маусымға белгіледі. Президент өз сөзінде бұл қадам ел болашағына жаңаша леп алып келетінін, Жаңа Қазақстанды құруға аса қажетті қадам екенін атап өтті.

Қай заманда болмасын ханды да, Президентті де халық сайлап, өздерінің өмірлерін аманат еткен. Бұл үрдіс бүгінде де жалғасын тауып, Мемлекет басшысын да таққа қоғам болып отырғыздық. Бұл ретте қалың жұртшылықтың қолындағы билігін тиімді пайдалану да аса маңызды. Сол себептен жалпыхалықтық референдум өткізу арқылы еркіндік пен дербестігімізді сезіндіру, келешек үшін таңдау жасай алатынымызды көрсету құба-құп іс.

Мен өз тарапымнан бұл бастаманы толықтай қолдаймын. Барша қазақстандықтарға бір жеңнен қол шығарып, болашақ үшін жұмыла шешім қабылдауға шақырамын.

Азат ЖАҚЫПБЕК,

Алакөл ауданының Құрметті азаматы, «Алакөл айнасы» ЖШС директоры

Алматы облысы